Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тәртіп сақшысы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

Павлодар облысында тәртіп сақшысы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен Павлодар облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Ердәулет Макимов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Бұл жоғары марапатты ол Павлодар облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амриннің қолынан алды.

Марапатты тапсыру рәсімінде Рустамбек Амрин батылдық пен жанқиярлық көрсеткен Ердәулеттің ерлігін ерекше атап өтіп, оның жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туғанын айтып, ризашылығын білдірді.

– Осындай жоғары марапатқа ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Қоғам мен мемлекеттің мүддесін, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз азаматтық және қызметтік борышымды абыроймен орындауға бар күшімді саламын, – деп бөлісті Ердәулет Макимов өз сезімін.

Айта кетейік, ағымдағы биыл жазда Ердәулет Макимов Жамбыл ауылының өзенінде демалып жүргенде екі баланың суға батып бара жатқанын байқап қалады. Ол бір сәт ойланбастан суға қойып кетіп, бір баланы жағаға алып шықты. Содан кейін, екінші баланы қатты ағым ағызып бара жатқанын көріп, қайтадан суға түсті. Ердәулет баланы құтқарып, жағаға шығаруға бар күшін салды. Судың қатты ағымын жеңе отырып, ол екеуін де жағаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Ердәулет Макимов полиция саласында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жұбайымен бірге үш ұлды тәрбиелеп отыр. Қызметтегі әріптестері оны белсенді, спортқа жақын және өте жауапты әрі сенімді маман ретінде сипаттайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру