Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды
Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз болуына жол бермеу үшін 17-20 маусым аралығында Успен ауданының полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары көшелерді, аулаларды, ойын-сауық орындарын және басқа да қоғамдық орындарды тексерді.
Кезекті рейд кезінде 18 маусымда сағат 00.00-де Успен ауылы көшелерінің бірінде қыдырып жүрген екі жасөспірім қыз анықталды, әңгіме барысында қыздар оларға ата-аналары кеш уақытта жүруге рұқсат бергендігін айтқан.
Осы жағдай бойынша Успен ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлімі бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырғанын атап өтті. Сонымен қатар ата-аналармен және балалармен осындай жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізіп, қадағалаудың жеткіліксіздігі қайғылы жағдайларға әкелетіндігін түсіндірген.
Айта кету керек, іс-шараны өткізу кезеңінде ауданның тоғыз тұрғыны ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша және тағы біреуі ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.