Павлодар облысында түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдер анықталды
Павлодар облысында түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді.
– Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың объектісі де, субъектісі де бола алады деп ойламайды. Мысалы, сағат 23.45-те Торайғыров көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 17 жастағы кәмелетке толмаған баланың жүргені анықталды. Кәмелетке толмағанның мекемеде болуына жол беру фактісі бойынша мекеменің 25 жастағы иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды, – деді Павлодар қаласы орталық полиция бөлімінің ювеналды полициясының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
Сол күні сағат 00.00 шамасында облыс орталығында 17 жастағы бала тоқтатылды. Ол заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қаланы аралап жүрген. Ата-аналарына ұлын үйіне алып баруға тура келді. Бірақ оған дейін оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.
Айта кету керек, биыл Павлодар облысы бойынша ойын-сауық және ойын-сауық мекемелерінің 13 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз болуына жол берген. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта олардың еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 204 заңды өкіл жауапқа тартылды.