Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тұрғын жоғалған ағасын тауып берген полицейге ризашылығын білдірді

Павлодар облысында тұрғын жоғалған ағасын тауып берген полицейге ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына үнемі алғыс хаттар мен оң пікірлер келіп тұрады. Кезекті хат Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының тұрғынынан келіп түсті. Өз хатында  Оразғалы Аралов учаскелік полиция инспекторы Семейхан Нұрғалиевке алғыс білдірді.

– 2022 жылдың 23 мамырында сағат 21:30-да мен жұмыстан үйге келгенде 58 жастағы үлкен ағамның жоқ екенін білдім. Қатты уайымдадым, өйткені ағам нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұр, жоғалып кетуі әбден мүмкін, ал алысқа кетсе, ол жолды ұмытып қалып үйді таба алмауы мүмкін еді. Уақыт созбай дереу ауыл ішінен өзім іздей бастадым, бірақ бұл әрекетім сәтсіз болды. Оны ауыл тұрғындарының ешқайсысы көрмеген болып шықты. Кейін учаскелік полиция инспекторына жүгіндім. Семейхан Нұрғалиев жақын маңдағы барлық ауылдарға бағдар берді, барлық мал бағу орындары мен фермерлік шаруашылықтарды іздей бастады. Одан кейін Семейхан Русская-Поляна – Ленинский кенті автожолына шығып, Ағашорын мен Ұзынсу ауылдарының аралығындағы тас жолмен кетіп бара жатқан жерінен ағамды тауып алды, – деп жазған өз хатында Оразғалы Аралов.

Ауыл тұрғыны полицейге алғысын білдіре отырып, учаскелік инспекторға мықты денсаулық және қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру