Павлодар облысында тұрғындар "Ауладағы қабылдау" акциясына белсенді қатысуда
Павлодар облысында тұрғындар "Ауладағы қабылдау" акциясына белсенді қатысуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында "Ауладағы қабылдау" акциялары өткізілуде. Іс-шара азаматтармен байланыс орнатып, кері байланысты нығайтуға бағытталған.
– Бұл азаматтар ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап ала алатын мобильді алаң. Акция аясында облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары халықпен 1450 кездесу өткізді, оның барысында полиция жұмысына қатысты түрлі ұсыныстар түсті. Азаматтардың әрбір ұсынысына құлақ асып, оларды қызметтік қызметте қолданудамыз. Сонымен қатар тұрғындарға "Жаңа жыл мерекелерін қауіпсіз өткізу жолдары" бойынша ескертулер мен ұсыныстар берілуде, – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы Нұрлан Байдикенов.
Құқық қорғау қызметкерінің айтуынша, құқық қорғау органдары мен азаматтардың бірлескен бастамалары полицияның ашықтығын, қолжетімділігін арттыруға және тұрғын үйлер мен аулаларда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл азаматтарға өз мәселелері бойынша тікелей жүгінуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда өңірде "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында полиция мен прокуратура тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған айлық өткізілуде. Оның шеңберінде түсіндіру-ақпараттық жұмыстарға ерекше назар аударылуда.
Ткачев көшесіндегі Усолка шағын ауданында орналасқан 3, 14, 17 және 10/4 нөмірлі үйлердің тұрғындарымен өткен кезекті кездесуде отбасылық-тұрмыстық қатынастардың алдын алу, қылмыстардың жолын кесу, пәтерлік және автокөлік ішіндегі ұрлықтар, алаяқтық және абаттандыру қағидаларын бұзу мәселелері қаралды. Кездесу барысында тұрғындарға полицияның кеңестері жазылған буклеттер таратылды.
Ведомство өкілдерінің пікірінше, мұндай жұмыс форматы полицияның халыққа жақын болуына, тұрғындардың мәселелерін естуге және оларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
