Павлодар облысында тұрғыннан тіркелмеген мылтықтар тәркіленді
Павлодар облысында тұрғыннан тіркелмеген мылтықтар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Тіркелмеген қаруды Аққулы ауданының тұрғыны өз үйінде сақтаған. Тұрғыннан ТОЗ-34Р маркалы тегіс ұңғылы мылтық және ИЖ-58 тегіс ұңғылы-ойық мылтық криминалдық полиция қызметкерлерімен тәркіленді, – деді Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев.
Полиция аталған факті бойынша баллистикалық сараптама тағайындалғанын атап өтті. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Полиция қаруды, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу, қарудың заңсыз айналымынан алып тастау, сондай-ақ азаматтық қару иелерін оның сақталуы жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында 2021 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін еске салады.