Павлодар облысында тұрғынның көлігінен 55 қап артемий салина қызыл құрты табылды
Павлодар облысында тұрғынның көлігінен 55 қап артемий салина қызыл құрты табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының жолдарындағы жол қауіпсіздігін Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүзеге асырады.
– Әкімшілік құқық бұзушылықтардан басқа, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген құқыққа қарсы іс-әрекеттер де анықталады. 2021 жылғы 23 тамызда сағат 23:15-те 521 шақырымда «Омбы-Майқапшағай» автожолында рота қызметкерлері Қайрат Төкенов және Төлеген Дұғалов 33 жастағы жүргізушінің басқаруымен ГАЗ 322132 автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде шанақтан 55 қап артемий салина қызыл құрты табылды. Жүргізушінің айтуынша, оларды Аққулы ауылынан Аққулы ауданының Жамбыл ауылына жеткізген, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.
Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.