Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Тұрмыс" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Павлодар облысында "Тұрмыс" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 24-30 қаңтар аралығында Павлодар облысының аумағында "Тұрмыс" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

- Іс-шара аясында полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша, "қорғау нұсқамасы", "ерекше талаптар", "маскүнем", "нашақор", "қолайсыз отбасы", "әкімшілік қадағалауда тұрған", "әкімшілік қадағалау туралы " Заңның әрекетіне формальды түрде түсетін және "шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған "санаттары бойынша тексереді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшысы, учаскелік полиция инспекторлары бұл күндері тұрмыстық салада заңсыз іс-әрекеттер жасау фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру әңгімелерін өткізетінін атап өтті. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру