Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тыйым салынған уақытта үйден тыс жүрген 85 жасөспірім анықталды

Павлодар облысында тыйым салынған уақытта үйден тыс жүрген 85 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында балалардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 40 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 5 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 85 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ұсталды.

– Мәселен, Павлодар қаласында сағат 23.30 шамасында қоғамдық орында заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде әкімшілік түнгі уақытта кәмелетке толмағанның болуына жол берген. Аталған дерек бойынша ойын-сауық орнында кәмелетке толмағанның болуына жол бергені үшін тиісті шаралар қабылданды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінде.

Полицейлер ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігін еске салады. Түнгі уақытта олардың көшеде жүруі қауіпсіз емес. Жағымсыз жағдайлардың және айыппұл салудың алдын алу үшін балалардың сағат 22:00-ден кешікпей үйде болуын қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру