Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Учаске" іс-шарасы жалғасуда

Павлодарда "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрақты тұрғылықты жері жоқ шамамен 100 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полицейлер "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін тәртіп сақшылары облыс аумағындағы шамамен 200 мың үй мен пәтерді аралап шықты. Нәтижесінде 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Аталған құқық бұзушылықтар негізінен отбасылық-тұрмыстық саладағы заңсыз әрекеттер, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауы және көші-қон заңнамасын бұзу фактілеріне қатысты болды.

Мысалы Павлодар қаласында полицейлер тұрақты тұрғылықты жері жоқ 54 жастағы ер адамды ұстады. Оған қатысты іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен азаматқа 30 тәулікке қозғалыс еркіндігін шектеу түріндегі превентивтік шара қолданылды.

Сондай-ақ Железин ауданының Башмачное ауылында үйлерді аралау барысында полицейлер қоғамдық орында мас күйінде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.

Еске сала кетейік, "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері тұрғындар мен облыс қонақтарынан профилактикалық іс-шараның өткізілуіне түсіністікпен қарауды және құқықтық тәртіпті сақтауға атсалысуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру