Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция "Учаске" іс-шарасының нәтижелерін айтты

"Учаске" жедел-алдын алу шарасы барысында Павлодар облысында төрт мыңға жуық азамат тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жалғасатын республикалық "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Акцияның басты мақсаты – көше және тұрмыстық қылмыстың алдын алу, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, көші-қон заңнамасын бақылау, сондай-ақ экстремизм мен терроризмнің кез келген көрінісін болдырмау.

Іс-шара басталғалы:

көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік азамат анықталды;

9 жергілікті тұрғын үйінде шетелдіктердің тұрғаны туралы полицияға уақытылы хабарламаған;

тұрғылықты жері бойынша шамамен 4 мың адам тексерілді, олардың ішінде қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеп жүргендер арасында 10 заңбұзушылық анықталып, 6 азаматтың жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды;

азаматтық қару иелерін тексеру барысында ережені бұзған 7 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 108 азамат, тұрмыстық қатынастарда заңға қайшы әрекет жасаған 20-дан астам адам жауапқа тартылды;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндетін орындамаған 10 ата-анаға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Полицейлердің айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын алу қоғамда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.

– "Учаске" іс-шарасы – сенім мен профилактикаға негізделген жұмыс. Әрбір азамат өз үйінде де, ауданында да өзін қауіпсіз сезінуі үшін біз барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Заң бұзғандар жауапкершіліктен құтылмайды. Полиция азаматтарды ынтымақтастыққа ашық болуға және заң талаптарын сақтауға шақырады. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру