Павлодар облысында учаскелік инспекторлар киберқауіпсіздік жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Павлодар облысында учаскелік инспекторлар киберқауіпсіздік жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелердегі қоғамдық орындарды аралап, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
– Біз үшін ең маңыздысы – азаматтардың, оның ішінде ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздігі. Бүгін тұрғындармен кездесіп, көкейкесті мәселелерді талқылап, өзімізді және жақындарымызды қалай қорғауға болатыны жөнінде кеңестер беріп жатырмыз. Сонымен қатар отбасылық жанжалдардың салдары, мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу туралы да ақпараттар жеткізілді. Соңғы уақытта ауданымызда интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткендіктен, бұл мәселеге ерекше назар аудардық, – деді учаскелік полиция инспекторы Ержан Манғасаров.
Түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындарға киберқауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережелері түсіндіріліп, интернеттегі алаяқтық схемалар туралы мысалдар келтірілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға шақырып, қандай да бір күмәнді жағдайлар туындаса, бірден 102 арнасына хабарласу қажеттігін ескертті.