Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасаған 100-ден астам адам жауапқа тартылды
Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасаған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының тұрғындары қоғамдық орындарда дөрекі сөйлеу және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу сияқты басқа да әрекеттердің куәсі болған сәтте полицияға жүгінеді.
– Павлодар облысының аумағында 100-ден астам адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
22 ақпанда Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінің ауласында ер адам қызбен таныспақ болған. Бірақ қыз бас тартқан. Жігіт артынан қалмай қойғасын қыз қорқып, полицияға қоңырау шалған. Романтик ұсталды. Полицейлер оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Академик Сәтпаев көшесінде тұратын павлодарлықтардан тағы бір шақырту келіп түсті. Қоңырау шалушы ер адамның шылым шегіп, қалдығын тротуарға лақтырғанын айтты. Сонымен қатар, әйелдің қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы ескертуін павлодарлық елемеді. Тіпті кішігірім заңсыздық назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.