Павлодар облысында ұсақ бұзақылықтың 300-ден астам дерегі тіркелді
Павлодар облысында ұсақ бұзақылықтың 300-ден астам дерегі тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мүлдем төзбеушілік — бұл құқық бұзушылықтарға теріс реакция. Мысалы, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тіпті қоқыстарды тастау болуы мүмкін.
ЖБО операторлары тәулік бойы адамдар көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулаларында және адамдар көп емес аллеяларда орнатылған камераларды бақылайды.
— Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде жедел басқару орталығының камерасы темекі шегіп, темекі тұқылын белгісіз жерге тастаған ер адамдарды тіркеді, дегенмен ол жерде қоқыс жәшігі де болды. Оқиға орнына келген полицейлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полицияның назарында — кез-келген заң бұзушылықтар, соның ішінде жекелеген қала тұрғындары әлі де рұқсат етілген деп санайтын "ұсақ" заң бұзушылықтар да бар. Павлодарлықтар темекі тұқылдары мен басқа да қоқыстарды ешкім байқамайды деп ойлап, тротуарға тастайды.
Жыл басынан бері полицейлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 346-ға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.
"Заң мен Тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз "Таза Қазақстан" акциясын белсенді қолдай отырып, дені сау, заңға бағынатын және қағидатты ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз.