Жыл басынан бері Павлодар облысында үш мыңнан астам адам түнгі тыныштықты бұзған
Павлодар полицейлері жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері бойынша 3 238 хаттама жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бұл мәселе әсіресе жазда өте өзекті. Қала тұрғындары қатты музыкаға, көп қабатты үйлердің терезелерінің астында уақыт өткізуді ұнататын шулы компанияларға шағымданады. Демалыс және мереке күндері полицияға өтініштер өте көп түседі, – деп мәлімет берді Павлодар облысының ПД.
Мысалы түнгі сағат 01:27-де полицияға Шөкин көшесі 87/3 үйінің тұрғындарынан музыка қатты ойнап, тұрғындардың демалуына кедергі келтіретіні туралы хабарлама келіп түсті.
– Келіссөзге көнер емес. Полиция шақырамын деп қорқытамыз, бірақ дискотека әлі де тоқтамайды, сондықтан хабарласып тұрмыз, – дейді арызданған тұрғындар.
Осындай қоңырау сағат 01.14-те Лермонтов көшесі, 39 мекенжайы тұрғындарынан келіп түсті. Олар үйдің ауласында концерт қойған түнгі музыка әуесқойларына шағымданды.
Тексеру барысында ақпарат расталды. Құқықтық тәртіп сақшылары азаматтарға түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын және өз әрекеттерімен олар заңды бұзатынын түсіндірді.
Барлық фактілер бойынша полицейлер 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттамалар жасады.
– Түнде тұрғын үйлерде шу шығаруға, музыка тыңдап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Азаматтар жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден 10.00-ге дейін тыныштықты сақтауға міндетті. Егер көршілер ұйықтамаса, сіздің дұрыс екеніңізді дәлелдеудің және көршілеріңізді татуластырудың ең оңай жолы – бұзушылықты телефонға түсіру немесе жазу және полиция шақыру, – деп кеңес береді полиция қызметкерлері.