Павлодар облысында үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды
Павлодар облысында үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторы Мереке Жаншоков өткен конкурстың қорытындысы бойынша облыс аудандары арасында үздік учаскелік инспектор атанды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан жеңімпазға алғыс хат пен «Үздік учаскелік полиция инспекторы» төсбелгісі табыс етілді.
– Мұндай марапатты алу өте жауапты, менің жұмысым бағаланды деп ойлаймын, бұл әрі қарай үлкен жетістіктерге жетуге ынталандыру береді, – дейді Мереке Жаншоков.
Оның айтуынша, ол бала кезінен полиция қызметкері болуды армандаған.
Мектепті бітіргеннен кейін 1998 жылы ол 31767 әскери бөліміне әскери қызметке шақырылды және 2000 жылдың қазан айында аға сержант атағымен запасқа шығарылды. Оқуды бітіргеннен кейін 2001 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының полиция қызметкері болып қабылданды. 2002 жылы Қазақ құқықтық және халықаралық қатынастар институтының сырттай бөліміне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2007 жылдың ақпан айында Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторы лауазымына ұсынылып, қазіргі уақытқа дейін қызмет етуде.
– Өз жұмысымды өте жақсы көремін. Адамдармен араласу, өз қызметімде азаматтар мен мемлекетке пайда әкелетінімді түсіну – мен үшін ең бастысы, – дейді Мереке Жаншоков.
Оның негізгі өмірлік ұстанымдары – әділеттілік, адамгершілік және жауапкершілік.
Учаскелік инспектордың айтуынша, ол өзінің жетістіктеріне ата-анасы мен жұбайының қолдау көрсетуімен жеткенін атап өтті.