Павлодар облысында велосипед ұрлығының 6 фактісі тіркелді
Биыл Павлодар облысында велосипед ұрлығының 6 фактісі тіркелді. Полицейлер көктем, жаз маусымында азаматтарды қырағы болуға және велосипедтер мен арбаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының тұрғыны М.Жүсіп көшесі бойындағы логопедиялық орталықтың жанында қалдырған балалар арбасынан айырылып қалды.
– Тағы бір жағдайда, ер адам велосипедтің жоғалғаны туралы жүгінді. Тұрғын велосипедті үйдің ауласында қалдырып кеткен және ол зиянкестерден қорғалмаған. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Талдау көрсеткендей, кіреберістер мен дүкендердің жанында қараусыз қалған велосипедтер мен арбалар күндізгі уақытта ұрланады. Түнде арнайы құралдармен жабдықталмаған кіреберістерден ұрлық жасалады.
– Ұрлыққа жол бермеу мақсатында азаматтардан велосипедтерді кіреберістерде немесе басқа да жерлерде қараусыз қалдырмауын сұраймыз. Велосипед ұрлығынан қалай сақтануға болатыны туралы бірқатар тиімді әдістер бар. Көлік құралын қараусыз қалдыруға болмайды, қоршауларға бекіту үшін қорғаныс кабелін пайдалану ұсынылады. Егер велосипед ұрланған болса, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет. Жыл басынан бері Павлодар облысында велосипед ұрлығының 6 фактісі тіркелді, – дейді облыстық ПД.