Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ертіс өзенінің жайылмасында ағаштарды заңсыз кескен Ақсу қаласының бес тұрғынын ұстады.

– Орман ресурстарын қорғау заңнамасын өрескел бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Заңсыз ағаш кесу – қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретін ауыр құқық бұзушылық. Бұл әрекеттер аймақтың экожүйесіне елеулі зиян тигізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, заңсыз кәсіпке қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция азаматтарды табиғатты қорғауға белсенді атсалысып, заңсыз ағаш кесу және басқа да экологиялық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады. Орман ресурстарын сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру