Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз ағаш тасымалдаған тұрғын анықталды

Павлодар облысында заңсыз ағаш тасымалдаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ормандарды қорғау және күзету» бағдарламасы аясында Аққулы ауданының полиция бөлімі тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Рейдтік шаралардың бірінде, 11 шілдеде сағат 23-30 шамасында КамАЗ көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде Аққулы ауданының бір ауылының 39 жастағы тұрғыны, Бесқарағай филиалының жүргізушісі Бесқарағай орманшылығының аумағынан рұқсат құжаттарынсыз 6 метрлік қарағай ағаш өнімін тасымалдағаны анықталды.

Аққулы ауданы ПБ бастығы Дәулет Молдабаевтың сөзінше, осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер алынып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Өңірде жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 492 фактісі тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру