Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар қолға түсті

Павлодар облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғындарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының соңына дейін уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан, балық аулау ережелері бұзылып жатыр. Мысалы полиция қызметкерлері Стэлла – Екібастұз автожолында ВАЗ-21214  автокөліігін тоқтатты, оның жүк салғышында жалпы салмағы 120 келі балық табылды.

Келесі күні УАЗ-3163 автокөлігі тоқтатылды, оның жүк салу бөлігінде жүргізуші тиісті құжаттарсыз бір қап балық пен бес дана көлемінде балық аулау торларын тасымалдағаны белгілі болды.

– Балық аулау ережелерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін бұзғаны үшін екі бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау нәтижесінде келтірілген залал есептеліп жатыр, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу-2024» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған кезеңде Екібастұз өңіріндегі полицейлер балық аулау ережелерін бұзудың 13 жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру