Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Павлодар облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында облыс аумағында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шара аясында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының тұрғылықты жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді.

Көші-қон ахуалын талдау көрсеткендей, көптеген шетелдіктер елге заңды түрде кіреді. Алайда кейіннен олардың бір бөлігі көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарына қосылады. Бұл ретте кейде оларға қазақстандық азаматтардың өздері де көмектесіп жатады. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі – шетелдіктерді тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа тартуға байланысты.

Мәселен, іс-шараның алғашқы күнінде Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы үш зауытта және бірнеше құрылыс алаңында еңбек етуге рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 22 шетелдік азаматты анықтады. Барлық деректер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.

Полиция заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертіп, көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру