Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз шырша сатқандар жауапқа тартылды

Павлодар облысында заңсыз шырша сатқандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда облыс бойынша қылқан жапырақты ағаштарды сататын 14 орын тексерумен қамтылды. Нәтижесінде полицейлер іске асыру үшін рұқсат құжаттарынсыз жас шыршаларды сатудың 2 фактісін анықтады.

– Мысалы, Қамзин көшесі 167/1 және Лесная 4/1 бойында орналасқан Павлодар қаласының сауда үйлерінің жанында ер адамдар шыршаны жергілікті атқарушы органның рұқсат құжатынсыз сатуды жүзеге асырды. Аталған деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 15-31 желтоқсан аралығында Павлодар облысының аумағында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер орман қорғау органдарымен бірлесіп жаңа жыл қарсаңында заңсыз ағаш кесуді, қылқан жапырақты ағаштардың жас өскіндерін тасымалдауды және өткізуді анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүргізеді.

Облыс аумағында аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру және шығу жолдарында қосымша бірлескен мобильді бекеттер ұйымдастырылды. Бұл күндері полицейлер жолдар мен бекеттердегі полиция нарядтарын бақылауды күшейтіп, қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен сатудың заңдылығын тексеретін болады. Тасымалдаудың әрбір жағдайы бойынша тексеру жүргізіледі, қылқан жапырақты ағаштарды сатып алу, қайта сату және дайындау көздері белгіленеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру