Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жол беретін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында 2021 жылғы 7-16 маусым аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Іс-шараны өткізу барысында Павлодар қаласының полиция қызметкерлері Н. Назарбаев даңғылы бойындағы «Шаңырақ» МҮ ауданында салынып жатқан объектіде заңсыз еңбек етуді жүзеге асырған адамдарды анықтады. Күндізгі уақытта Өзбекстан Республикасының сегіз азаматы көп қабатты алты кіреберісті үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерін көрген кезде шетелдік жұмысшылар салынып жатқан көп қабатты үйдің қабаттарында жасырынып қашуға асықты. Алайда полицейлер барлығын ұстады. Ұсталған Өзбекстан азаматтарының жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметімен айналысуға рұқсаты бар екендігі анықталды. Бұл жағдайда, шетелдіктер заң талаптарын бұза отырып, заңды тұлға нысанында қызмет атқарды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Полиция құрылыс нысанында жұмыс берген жұмыс беруші жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес жұмыс берушіні 200 АЕК-ке дейін айыппұл күтіп тұр, ал ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес шетелдіктерді әкімшілік қамауға алу немесе елден шығарып жіберу күтіп тұр. Енді сот барлық айыпталушыларға қатысты үкім шығаруы керек.

Айта кету керек, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері Павлодар қаласының полиция қызметкерлері 112 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 65-ін шетелдік азаматтар жасаған, Павлодар қаласының 47 тұрғыны көші-қон заңнамасын бұзған.

Жазғы маусым мен демалыс кезеңін ескере отырып, полицейлер өңір тұрғындарына ішкі істер органдарына шетелдік қонақтардың келуі туралы уақытылы хабарлау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру