Павлодар облысында зейнеткерді тонаған күдіктілер ұсталды
Павлодар облысында зейнеткерді басынан ұрып, тонап кеткен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарбақты ауылындағы екі ауыл тұрғыны 20 сәуірде сағат 10:30-да Жеңіс көшесіндегі 63 жастағы зейнеткердің үйінің есігі ашық екенін пайдаланып, ішке кіріп, үй иесінің басынан ұрып, 22 мың теңге соммасында ақшасын, телефонын ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Зейнеткер полицияға көршілері арқылы оқиғанын қалай болғанын хабарлады.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. 51 жастағы ер адам УҰИ-ға қамалды. 28 жастағы ауыл тұрғынына қатысты келу туралы міндеттеме таңдалды. Телефон тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы бойынша ПД.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмайды.