Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Ақсу қаласында тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға ПД бастығының орынбасары Жандос Орумбаев, тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерғанат Дюсекенов және оның орынбасары Азат Сейлханов төрағалық жасады.
Кездесу барысында полицейлер ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын жоғары адамгершілік талаптарға назар аударып, қызметтік міндеттерді үлкен жауапкершілікпен және саналы түрде орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және жалпы тәртіпке ерекше мән беру қажеттігі ескертілді.
– Ең алдымен осы мамандықты не үшін таңдағандарыңызды нақты анықтау маңызды. Қазіргі кезде көптеген офицерлер полицейлік әулетті жалғастырып келеді, бұл – қуантарлық жағдай. Мамандықты саналы түрде таңдау тұлғалық дамуға тікелей әсер етеді, ал қызметтен қанағат алу ішкі үйлесіммен байланысты. Жауапкершілік пен қоғамға пайдалы болу сезімі адамның әлеуетін ашуға көмектеседі. Осы жолды таңдаған жас офицер кез келген қиындық пен тәуекелге дайын болуы тиіс, – деді Азат Сейлханов.
Кездесу соңында үздік тәлімгерлер мен жас қызметкерлер алғысхаттармен марапатталып, олардың еңбегі бағаланды.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.