Павлодар облысында жасөсіпірмге алкоголь сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды
Павлодар облысында жасөсіпірмге алкоголь сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылының учаскелік инспекторы әкімшілік аумақты кезекті айналып өтіп, қолында бір бөтелке алкогольдік сусын болған жасөспірімді байқады.
– Тәртіп сақшысы бұл жас жігіттің кәмелеттік жасқа толмағанын біліп, оны тоқтатып, алкогольді қайдан алғанын сұрады. Жасөспірім жақын орналасқан азық-түлік дүкеніне көрсетті, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.
Ол сонымен бірге сатушы жасөспірімнің құжаттарын сұрамай, алкоголь сатқанын атап өтті. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды, онда Успен аудандық сотының шешімімен аталған дүкеннің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дүкен иесіне 122 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді, сондай-ақ бір ай мерзімге алкоголь сатуға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
Қуандық Шахмановтың айтуынша, құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді. Биыл аудан аумағында бұл кәмелетке толмаған балаға алкоголь сатудың алғашқы фактісі.