Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жастармен кәсіби бағдар беру жұмыстары белсенді жүргізілуде

Павлодар облысында жастармен кәсіби бағдар беру жұмыстары белсенді жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастармен кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Павлодар облысы полиция департаментінің кадр қызметі бөлімшелері жастар бастамаларын дамыту орталығының алаңында ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші қызмет өкілдері 9–11 сынып түлектеріне ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу тәртібі, жалақы мөлшері, қызметтің артықшылықтары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар кадр аппаратының өкілдерімен алдын ала әңгімелесу ұйымдастырылып, болашақ қызметке үміткерлермен кәсіби сұхбат жүргізілді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жастармен өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ішкі істер органдарында табысты қызмет атқару үшін білімді әрі білікті мамандардың қажет екенін ерекше атап өтті.

Жұмысқа орналасуға ниетті азаматтар үшін бос лауазымдардың тізімі, үміткерлерге қойылатын талаптар және кадр қызметінің байланыс нөмірлері көрсетілген үгіт-насихат материалдары әлеуметтік желілерде, LED-экрандарда, қоғамдық көліктерде және сауда үйлерінде орналастырылды.

Бұған қоса, ішкі істер органдарына жұмысқа кіру мәселелері бойынша Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен әскерден босатылатын азаматтармен де кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде азаматтық жастар арасында екі конкурс ұйымдастырылып, оған сертификаттары бар және ӘДК қорытындысы бойынша қызметке жарамды 97 үміткер қатысты.

Азаматтық жастар арасындағы бос лауазымдарға жарияланған конкурстардың біріне 60 кандидат қатысып, олардың барлығы да үшінші кезеңге өтті. Бұл – кәсіби іріктеудің жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру