Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза болды
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
21 тамызда сағат 18.00-де Қалқаман ауылы маңындағы Қалқаман – Баянауыл-Керней автожолында Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікпен кюветке аударылып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.