Павлодар облысында жол ережесін бұзған жүргізушілерге рейдтер жүргізілуде
Павлодар облысында жол ережесін бұзған жүргізушілерге рейдтер жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Мәселен, Павлодар қаласының Камзин көшесі, 178 мекенжайында "параллельді тұрақ" жол белгісінің талаптарын сақтамаған Hyundai автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Жол белгілері мен жол жүру бөлігінің таңбалары талаптарын орындамағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көлікті дұрыс тұраққа қою – әрбір жүргізуші үшін аса мұқияттылықты талап ететін маңызды дағдылардың бірі. Тұраққа қою кезіндегі қателіктер айыппұл салуға, көлік құралдарының зақымдануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жүргізу дағдыларыңызды жетілдіріңіздер. Қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін барлық қолжетімді мүмкіндіктерді тиімді пайдаланыңыздар. Тұраққа қоюда өзіңізге сенімді болған сайын, көлік жүргізу де анағұрлым жайлы әрі қауіпсіз бола түседі.
Айта кетейік, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық үшін 893 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
