Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 29 тамызда сағат 11.20-да полицияға жол-көлік оқиғасы туралы полицияға хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген Баянауыл ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер» автожолының 91 шақырымында, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, «ВАЗ 21713» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Баянауыл тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ 21703» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты («ВАЗ 21713» автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы, «ВАЗ 21703» автокөлігінің бір жолаушысы), тағы екі адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру