Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 523 фактісі анықталды
Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 523 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында үздіксіз бақылау жүргізіп келеді. Өткен аптада автожолдарда орын алған 523 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.
Полицейлердің айтуынша, анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі жылдамдық режимінің сақталмауымен байланысты. Мұндай жағдайларда 400 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Мәселен, Павлодар – Қызылорда автожолында Toyota автокөлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықтан асып кеткені үшін тоқтатылды. Ол өзінің әрекетін түсіндіре алмады. Нәтижесінде жүргізушіге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Құқық қорғау органдары көлік жүргізудің жауапкершілігі тек қала аумағында емес, трассаларда да жоғары болу керектігін ескертеді. Жылдамдықты асыру – тек жүргізуші үшін ғана емес, айналасындағылар үшін де үлкен қауіп.
– Жылдамдықты шектеу – бұл жолдағы әрбір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Жүргізуші өз іс-әрекеттерінің салдарын түсініп, барынша тәртіпті болуы тиіс, – дейді полиция қызметкерлері.
«Заң және тәртіп» қағидаты тек жазалауды ғана емес, азаматтардың тәртібін жақсартуды, сондай-ақ оларды жол ережелерін сақтауға шақыруды көздейді.
Бұл қағида қоғамдық тәртіпті нығайтып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Әрбір жүргізушінің тәртіпті болуы тек жеке қауіпсіздікті ғана емес, жалпы қоғам тыныштығын сақтау үшін де маңызды.