Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

Павлодар облысының полицейлері автомектептермен бірлесіп, ЖҚЕ сақтау бойынша іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ полиция қызметкерлері жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп және «Ананас» автомектебінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жарақаттанудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Автомектеп өкілдері жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және басқа да ережелер бойынша 2 сағаттық практикалық сабақ өткізді. 

Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов мопедпен қауіпсіз жүру, шағын көлік құралдарын тіркеу, 16 жастан бастап А, А1 санатындағы жүргізуші куәліктерін алу ережелері туралы айтып берді.

Сондай-ақ шағын көліктерді басқару кезінде қажетті құрал-жабдықтар көрсетілді. Іс-шара қызықты өтті. Қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін білу және оларды мүлтіксіз сақтау көлік құралдарын апатсыз басқарудың кепілі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру