Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде әкімшілік полиция қызметкерлері екі мың шақырымға жуық автожолды тексерді. Нәтижесінде 51 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.

Жолдарда жұмыстарды жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды. Бұдан басқа, анықталған ақауларды жою қажет.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру