Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін 146 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

Павлодар облысында жыл басынан бері жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шыққаны үшін 146 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көбінесе жүргізушілер жолдың қарсы жолағына шығып, мұндай маневр жасауға тыйым салатын жолақты немесе белгіні байқамай басып озады.

Қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін елеулі құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады. Жаңа ережелерге сәйкес мұндай қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

– Жыл басынан бері облыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу)  бойынша 146 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Бұдан басқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) бойынша 7 050 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру