Павлодар облысында жүргізуші ірі қара малды қағып кетті
Павлодар облысында жүргізуші ірі қара малды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін сақтауға әрқашан жауапкершілікпен қарау керек. Әсіресе, елді мекендерге жақын жолдарда жануарлардың, жылқының, ірі қара малдың немесе жолдың жүріс бөлігін кесіп өтетін қойлардың соқтығысуы мүмкін.
– 5 қарашада сағат 07.20 шамасында Павлодар облысы Ленинский – Курчатов автожолында ГАЗ-2217 автокөлігінің жүргізушісі мал айдау жол белгісін елемей, бір ірі қара малды соқты. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал Ақсу қалалық сотына берілді, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Санат Тиканов.
Өкінішке қарай, мұндай ЖКО салдары мал өлімі, көлік құралының зақымдануы, сондай-ақ жүргізушінің өзі мен оның жолаушыларының жарақаттануына әкеп соғады. Осы жылы жүргізушілердің адамдардың денсаулығына, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Павлодар облысының 2405 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.