Павлодар облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам мас тұрғын жауапқа тартылды
Павлодар облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам мас тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ойын алаңдары, саябақтар, скверлер, аулалар, тіпті үйлердің кіреберістері – қоғамдық орындар және кейбір азаматтардың мас күйінде кездесуі тұрғындардың тыныштығын бұзады. Бұл бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
– Алкогольді ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болу – ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі. Осыған байланысты полицейлер үнемі рейдтік, алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 3 мыңнан астам азаматты жауапқа тартты, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Каптаев.
Мас күйінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар полицияға осындай фактілер туралы хабарлайды. Сонымен полицияға қала тұрғыны Геринг көшесіндегі ойын алаңында алкоголь ішу туралы жүгінді. Шақыруға келген учаскелік полиция инспекторы 44 жастағы павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.