Павлодар облысында жыл басынан бері 5 мыңнан астам жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды
Павлодар облысында жыл басынан бері 5 мыңнан астам жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында қауіпсіздік белдігін қолданбағаны үшін 5,5 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл талап сырт көзге елеусіз көрінгенімен, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды ережелердің бірі болып табылады.
– Қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігінің адам өмірін құтқарған жағдайлар өте көп. Өкінішке қарай, осы қарапайым талапты елемеу салдарынан жол-көлік оқиғалары кезінде ауыр жарақат алатындар да аз емес. Әсіресе балаларды көлікпен тасымалдайтын жүргізушілер үшін бұл талаптың маңызы тіпті зор, – деді департамент өкілдері.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолдағы қауіпсіздік жалпы тәртіпке, жүргізушілер мен жолаушылардың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін түсінуге шақырды. Сондай-ақ автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосу қажеттігі ескертілді.
