Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері қабылдау-тарату орнына 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді

Павлодарда полицейлер баспанасы жоқ, тағдырдың түрлі жағдайына байланысты туыстық байланыстарын жоғалтқан және үйсіз жүрген азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн суытқанда полиция қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің біріне азаматтардың үсіп қалуына жол бермеу және қайғылы жағдайлардың алдын алу жатады.

Жыл басынан бері полицейлер қабылдау-тарату орнына 3645 үй-жайсыз азаматты жеткізді.
Полицияға жеткізілген әр адам бірқатар рәсімдерден өтеді: фото-бейне, есепке алу, саусақ іздерін тіркеу, сондай-ақ оларды іздеуде жүрген қылмыстық құқық бұзушылар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдардың тізімдерімен салыстыру жүргізіледі.

Полиция қала тұрғындарына қабылдау-тарату орны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Егер үйсіз адамдар мазаны алса, үйлердің жертөлелері мен кіреберістерінде тұрса, қайыр сұраса немесе қоқыс қалдырса, 102 нөміріне немесе қабылдау-тарату орнының 51-58-51 телефонына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру