Павлодар облысында жылқылар жол-көлік оқиғасына себеп болды
Павлодар облысында жылқылар жол-көлік оқиғасына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 наурызда сағат 23.00 шамасында Павлодар ауданы Черноярка ауылының маңындағы Омбы – Майқапшағай автожолында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі тас жолға шауып шыққан жылқыларды қағып кетті.
– Учаскелік полиция инспекторы жылқылардың қараусыз жайылып, жолға шығып кеткенін анықтады. Иесі де анықталды. Ол Ново-Черноярка ауылының тұрғыны болып шықты. 42 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.
Полицияда жүргізушіге автокөліктің зақымдануы бойынша материалдық шығын келтірілгенін айтты. Осыған байланысты жүргізуші материалдық залалды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуі қажет.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысының полициясы ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің қарауынсыз жайылып жүрген 164 фактінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.