Павлодар облысындағы отбасылық жанжалқойларға 1288 қорғау ұйғарымы жазылды
Павлодар облысындағы отбасылық жанжалқойларға 1288 қорғау ұйғарымы жазылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Тиімді шаралардың бірі – қорғаныс ұйғарымын шығару.
– Мәселен, зейнеткер үйде мас күйінде болған ұлына қатысты шаралар қабылдау туралы полицияға жүгінді, ол жанжал шығарды, балағат сөздер айтты. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Материал сотқа жіберілді, онда отбасылық жанжалқор кінәлі деп танылып, ескерту түрінде жаза алды, сондай-ақ ер адамға қатысты 6 ай мерзімге ерекше талап қойылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Полиция жақын адамыңыз – күйеуіңіз, бұрынғы күйеуіңіз, азаматтық жұбайыңыз, жақын туыстарыңыз сізді қорлайтын, ұрып-соғатын болса, балаларды ұрса қорғаныс ұйғарымын жазуға құқылы екеніңізді еске салады. Нақты қауіп төнген кезде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
Айта кету керек, жыл басынан бері 231 адамға қатысты полиция қызметкерлері тәртіпке ерекше талаптар қойды. Бұл адамдар профилактикалық есепке қойылады және оларға профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.