Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының бас полицейі қызметкерлерге нұсқаулық өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов өңірдің жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелеріне нұсқама өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші кезекте Нұрлан Мәсімов полиция қызметкерлерінің қызмет ету жағдайларын бағалады, сондай-ақ жеке құрамға қажетті міндеттер қойды. ІІМ басшылығы қойған міндеттерді орындауды жалғастыруды және облыс аумағында азаматтардың тиісті құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті нәрсені жасауды тапсырды.

Сонымен қатар ПД бастағы полиция қызметкерлеріне қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қатысы бар адамдарды анықтау – қызметтегі басымдықтары туралы еске салды.

Сондай-ақ Нұрлан Мәсімов жеке құрамды алдағы келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Республика тәуелсіздігінің қалыптасуының барлық кезеңдерінде полиция қызметкерлері азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ете отырып, қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде болды. Қоғамның дамуы, Қазақстанның экономикалық қуатты және тәуелсіз ел ретінде одан әрі қалыптасуы, жүктелген міндеттерді орындау нәтижесіне айтарлықтай дәрежеге байланысты. Қазақстан тарихы үшін қиын жылдары ішкі істер органдарының қызметкерлері, оның ішінде біздің полицейлер күн сайын өздерінің мінсіз еңбегімен, күш-жігерін және кейде өз өмірін аямай, отандастарымыздың амандығын, сенімділігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру