Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының көші-қон полиция қызметі мұқтаж жандарға көшпелі қызмет көрсетті

Павлодар облысының көші-қон полиция қызметі Ольгинко ауылына барып қызмет көрсетті,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Құжаттардың барлық түрлерін уақтылы рәсімдеу, жеке куәліктерді, төлқұжаттарды алу және ауыстыру қазақстандықтардың заңдылық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Павлодар ауданы көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Дастан Темірғалиев шілде-тамыз айларында Павлодар ауданының елді-мекендеріне шығып, қарттарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге және операциядан кейін қалпына келіп, жүре алмайтын адамдарға құжаттамалық қызмет көрсетті.

Дастан Темірғалиев зейнеткерлерге арнаған уақытында ауыл ардагерлеріне жылы лебізін білдіріп, құжаттар толтырып, тіпті әкімдікке келе алмағандардың үйінде болды.

– Барлыққорқыныш артта қалды, ең бастысы, олардың бізге деген қамқорлығығының арқасында мейірімді және жанашыр адамдар көп екендігі туралы жүрегімізге сенім ұялады. Рақмет, мейірімді жандар мен жүрегі бар адамдарға!, – деп Ольгинка ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Лидия Луб полиция қызметкеріне шын жүректен өз лебізін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру