Павлодар облысының көші-қон қызметіне 89 мыңға жуық азамат жүгінді
Павлодар облысының көші-қон қызметіне 89 мыңға жуық азамат қызмет алу үшін жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл 18 929 азамат web-портал арқылы және 5 061 адам тікелей байланыс арқылы өтініш білдіріп, қызметтерді толық көлемде алды.
– 23 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат берілді. 12 азамат Қазақстаннан кетуге өтініш білдірді. Паспорттар мен жеке куәліктерді алудан басқа, павлодарлықтар жеке деректерінің өзгеруіне, азаматтыққа қабылдау бойынша, сондай-ақ ұлтының өзгеруі туралы өтініш жасайды. Өзгертуге аталған мәселелер бойынша 2 416 азамат өтініш білдірді, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Тәртіп сақшысы паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазба ата-анасының ұлтына сәйкес жүргізілетінін түсіндірді. Ата-аналардың әртүрлі ұлттарында азамат оны әкесі немесе анасы бойынша өз еркімен таңдайды және болашақта туу туралы куәлік негізінде ұлтын тек басқа ата-ананың шығу тегіне өзгерте алады.
– Паспорттар мен жеке куәліктердегі ұлты туралы жазбаны өзгерту үшін азаматқа жазбаша өтініш пен туу туралы куәлік ұсыну қажет, – деді Дәулет Ысқақов.