Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының мектептерінде есірткіге қарсы акция өтуде

Павлодар облысының мектептерінде "Әр үйге - наркотест" акциясы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Әр үйге - наркотест" акциясы аясында Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар қауымдастығымен ақпараттық-ағартушылық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның тақырыбы әлеуметтік маңызды – нашақорлықтың алдын алу және балаларды есірткі қатерінен қорғау.

– Кездесу барысында кәмелетке толмағандарды есірткі заттарын тұтынуға тарту тәуекелдерін ерте кезеңде болдырмау, ересектердің жауапкершілігі, сондай-ақ өскелең ұрпақтың саналы әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасы мен мектептің шешуші рөлі қарастырылды, – деді Павлодар облысы ПД аса маңызды істер жөніндегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ирина Тимиргалиева.

Іс-шараға спикер ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, Психикалық денсаулық жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық орталықтың ақпараттық-талдамалық мониторинг орталығының басшысы Садвокасова Гүлмира, "KazMedTest" жобасының жетекшілері Ануарбек Айтпаев  пен Фирия Галиева, сондай-ақ Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры, ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Ризат Рахимжанов қатысты.

Іс-шараның практикалық бөліміне ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға заманауи диагностикалау әдістері, оның ішінде наркотесттер таныстырылып, оларды қолдану тәртібі мен тұрмыстық жағдайда профилактикалық мақсатта пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді.

Сарапшылар медициналық, құқықтық және әлеуметтік қырларды қамтып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ата-аналарға профилактика жүргізу және балалардың мінез-құлқындағы алаңдататын белгілерге дер кезінде әрекет ету бойынша нақты практикалық ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру