Павлодар облысының ПД бастағы 18 баланы құтқарған полицейлермен кездесті
Павлодар облысының ПД бастағы 18 баланы құтқарған полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурыз – Алғыс айту күні полиция қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісов елордаға «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфиріне шақырылып, балаларды қорқынышты апаттан құтқару кезіндегі батыл іс-әрекеті үшін алғыс алды.
Бүгін Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр батыр-полицейлермен кездесіп, адал және лайықты қызметі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Василий Васильевич жас ұрпақты Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтен үлгі алуға шақырды.
– Бұл қызметкерлер – батылдық пен ерліктің нағыз үлгісі, нағыз полицей дәл осындай болуы тиіс, – деп атап өтті департамент бастығы.
Балалар болған мектеп автобусы Павлодар-Астана автожолында полиция қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісов автобустың камазбен бетпе-бет соқтығысуының алдын алу үшін қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол апатына ұшырағаннан бері 5 жыл өтті.
Шынында да, бұл жан түршігерлік оқиға болды. Бұл жағдайды еске түсіргенде, полицейлер еш өкінбейді.
– Біздің орнымызда болған кез келген полиция қызметкері де солай әрекет етер еді, – дейді олар.
18 бала мен төрт тәрбиешіні аман алып қалған тәртіп сақшылары адамдарды құтқару туралы ғана ойлайды.
– Біз ант қабылдадық, сол кезде біз қызметтік парызымызды орындадық, – дейді Мұрат Нұрсейітов.
Қарапайым, жауапты полицейлер бүгін Павлодар облысы Баянауыл ауданының полиция бөлімінде қызмет етуді мақтанышпен жалғастыруда.