Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының ПД бастығы учаскелік полицейлермен кездесу өткізді

Павлодар облысының полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторларымен кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрбір учаскелік полиция инспекторының басты міндеті – азаматтардың сенімі, ашықтығы мен қолжетімділігі, сеніп тапсырылған учаскедегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау.

– Учаскелік бөлім әрқашан халыққа жақын, азаматтар әртүрлі мәселелер мен жағдайлар бойынша сіздерге жүгінеді. Сіздер күн сайын профилактикалық жұмыстар жүргізесіздер, халықтың мәселелерін шешесіздер, сол арқылы қоғамдық тәртіпті нығайту ісіне елеулі үлес қосасыздар, – деді облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Скляр учаскелік полиция инспекторларына сөйлеген сөзінде.

ПД бастығы Павлодар қаласы ПБ барлық учаскелік полиция инспекторларымен және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен кездесті. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов облыстың учаскелік инспекторларының қызметтік қызметінің нәтижелері және “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасының барысы туралы хабардар етті. Қызметкерлердің жұмысымен танысқан Василий Скляр азаматтардың келіп түскен өтініштеріне жедел ден қоюдың, профилактикалық жұмысты арттырудың және халықпен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

– Учаскелік полиция инспекторлары – қауіпсіздіктің маңызды буыны. Сіздердің кәсібилігіңіз, құзыреттілігіңіз және жауапкершілігіңіз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жалпы өңірдегі құқықтық тәртіпке әсер етеді, – деп атап өтті Василий Скляр.

Сондай-ақ ПД бастығы ювеналды полиция инспекторлары жайында да сөз қозғады.

– Құқық қорғау органдары балалардың, оның ішінде білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Білім беру мекемелерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, оқу орындарындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның тұрақты бақылауында болады. Білім беру мекемелеріндегі ішкі істер органдары жұмысының негізгі құрамдас бөлігі – оқушылар арасында да, оларға қатысты да құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді ол.

ПД бастығы барлық полицейдің назарын құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға аударды, әрбір полиция қызметкерінің жауапкершілікпен қарауы құқықтық тәртіпті нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру