Павлодар облысының полицейлері 1974 жылғы үлгідегі паспортын айырбастамаған азаматты құжаттандырды
Павлодар облысының полицейлері төлқұжаттары ескі үлгідегі азаматтарды құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының көші-қон қызметі 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға уақтылы айырбастамаған және 18 жасқа толғаннан кейін жеке басын куәландыратын құжатын ресімдемеген азаматтарды анықтады.
– Биыл КСРО үлгісіндегі паспортын айырбастамаған 12 павлодарлық, 18 жастан асқаннан кейін төлқұжат алмаған, туу туралы куәліктері бойынша 20 азамат, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері бойынша 8 облыс тұрғыны құжаттандырылды, –дейді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Құжатсыз адамдар, бұл көбіне ТМД елдерінің бірінің жарамсыз паспорттары бар адамдар, сондай-ақ бұрынғы КСРО паспорттарының иелері. Құжатсыз халықтың басым бөлігі кәмелетке толмаған кезінде бұрынғы КСРО республикаларынан Қазақстанға көшіп келген тұлғалар.
Құжаттардың болмауына байланысты азаматтардың бұл санаты жәрдемақы алу құқығынан айырылды, мемлекеттік қызметтерді алу құқығы шектелген.
Қазіргі уақытта өңірде Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеу үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі акция жалғасуда.
Өздеріне қатысты басқа мемлекеттерге сұрау салулар жіберу қажет адамдардан сұрау салуды жүзеге асыруға және оған қатысты мәліметтерді трансшекаралық беруге өтініш-келісім алынады.
Жауап түскен кезде оған осы мемлекеттің елшілігіне жол жүру үшін анықтама беріледі.
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға уақтылы айырбастамаған адамдар және туу туралы куәліктер бойынша жүрген адамдар тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне немесе облыстың көші-қон қызметі басқармасының 66-10-15 телефонына кеңес алу үшін жүгінуі қажет.
– Полиция Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттармен одан әрі құжаттау үшін құжаттарды жинауға жан-жақты көмек көрсетеді, – деп атап өтті спикер.