Павлодар облысының полицейлері арасында Макаров тапаншасын атудан сайыс өтті
Павлодар облысының полицейлері арасында Макаров тапаншасын атудан сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Макаров тапаншасын ату бойынша сайыс өтті.
– Аталған жарыстың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Барлығы 7 команда қатысты. Полицияның 15 қызметкері жауынгерлік қаруды меңгеру шеберлігін көрсетті, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеке біріншілікте Ризагүл Андасова, екінші орынды Мәншүк Дисупова, үшінші орынды Айсұлу Омарова жеңіп алды. Ерлер арасында бірінші орынды Алхам Смағұлов, екінші орынды Біржан Байжұманов, үшінші орынды Асылбек Хаербаев иеленді. Жеке біріншіліктер арасында орындар келесідей бөлінді: I орынды – Берекетов Адай, II орынды – Айтжанов Нұрсерік, III орынды Уфиркин Радион жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте Екібастұз қаласы ПБ командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Павлодар қаласы ПБ командасы, үшінші орынды полиция департаментінің командасы иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.