Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері ата-аналар қауымдастығымен кездесті

Полиция қызметкерлері Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Покидова Наталья Сергеевнаның бастамасымен ұйымдастырылған Павлодар қаласындағы Ш.Шоқин атындағы мектептің ата-аналар қауымдастығымен жұмыс кездесуіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге білім бөлімінің мамандары, психологтар, жұртшылық қатысты. «Қазақстандық сервистік жұмыс моделі» пилоттық жобасы аясында басқа органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл және әріптестік мақсатында тергеудегі оқушыларды одан әрі оқыту, балалардың, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Өз сөздерінде ата-аналар осы проблемаларды шешуге өз көзқарастарын білдірді. Балалардың құқықтарын бұзу, жасөспірімдерді қорлау, төмендету фактілерін айтты.

Айта кету керек, сындарлы диалог барысында отбасылық тәрбиеге, отбасылық құндылықтарды бойға сіңіруге және балаларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу, оқыту және жұмыспен қамту үшін ата-аналардың жауапкершілігіне көп көңіл бөлінді. Ата-аналар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыс және осындай жағдайларға жол бермеу үшін балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша мектеппен бірлескен қызмет бойынша шаралар ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ш.Шоқин атындағы мектеп оқушылармен профилактикалық жұмыста шараларды күшейту, мектептің ата-аналармен өзара іс-қимыл әдістері мен нысандарын медернизациялау және жандандыру, мектептегі уақыт, жағдай және проблемалар талаптарына сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлау тәсілдерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда мектептің ата-аналары өздерін қызықтыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша жеке кеңес алуға мүмкіндік алды. Ата-аналар қауымдастығымен осындай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру