Павлодар облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді
Павлодар облысында жыл басынан бері жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болуының 1851 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы каникул кезеңінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың уақыт өткізуіне ерекше назар аударды, олардың көпшілігі ата-аналарының бақылауынсыз қалып, құқық бұзушылықтың объектісіне немесе субъектісіне айналады.
Тек осы жылдың өзінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 1851 фактінің жолы кесілді.
– Мысалы Жасыбай көлінде ювеналды полиция қызметкерлері сағат түнгі 23:46-да 13 жастағы әмелетке толмаған баланы тоқтатты. Жасөспірім ата-анасыз серуендеуге шешім қабылдады. Екібастұз қаласында сағат 23:10-да Шахтер саябағында 15 жастағы кәмелетке толмаған бала да тоқтатылды. Балалардың ата-аналары полиция бөлімдеріне шақырылды. Онда олармен профилактикалық әңгімелер өткізілгеннен кейін әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Айта кету керек, ата-анасының бақылауынсыз қалған кәмелетке толмағандар көбінесе қаскөйлердің көз алдында болуы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.
Биыл облыс аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 25 қылмыс тіркелді, кәмелетке толмағандарға қатысты 58 қылмыс жасалды.
Полиция ата-аналарға балаларына мұқият болуды, оларға мүмкіндігінше уақыт бөліп, әңгімелесуді, кімлермен араласатынын және қайда жүргенін білуді ескертеді.